Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы

Құрметті клиенттер!

Осымен «KEGOC» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) 2026 жылғы 22 шілдеде сағат 11:30-да (Астана уақыты бойынша) бетпе-бет нысанда келесі мекенжай бойынша өтетіндігін хабарлаймыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат. Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты – сағат 09:30 (Астана уақыты бойынша). 

Күн тәртібі:

  1. Қоғамның Басқарма Төрағасының өкілеттік мерзімін айқындау туралы.
  2. Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.
  3. Қоғам Жарғысына енгізілетін өзгерістерді қарау туралы. 

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша қалыптастырылды.

Акционерлер Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2026 жылғы 10 шілдеден бастап жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін мына мекенжай бойынша таныса алады: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 0916-кабинет, сондай-ақ Қоғамның корпоративтік веб-сайтында:
https://www.kegoc.kz/for-investors-and-shareholders/raskrytie-informatsii/obshchie-sobraniya/ 

Бірінші Жиналыс өтпей қалған жағдайда, қайталанған Жиналыс 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 11:30-да (Астана уақыты бойынша)  жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізіледі.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус