Құрметті клиенттер!
Осымен «Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Жиналыс 2026 жылғы 1 маусымда сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша) Астана қ., Сауран көш., 12, «Қазақтелеком» АҚ мәжіліс залы мекенжайы бойынша бетпе-бет нысанында өткізіледі (бұдан әрі – Жиналыс). Акционерлерді тіркеу 12:30-дан 13:30-ға дейін жүргізілетін болады.
Күн тәртібі:
- Қоғам Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жасалады.
Жиналыс көрсетілген күні өтпей қалған жағдайда, қайталанған Жиналыс 2026 жылғы 5 маусымда сағат 14:00-ге (Астана уақыты бойынша) тағайындалады және жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өтетін болады.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлерге келесі сілтеме бойынша интернет-ресурста қолжетімді: https://kase.kz/kz/information/news/show/1565416
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

