Құрметті клиенттер!
Halyk Finance Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды және қаржы нарықтарының жұмысындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
2025 жылғы 15 желтоқсанда АҚШ нарықтарына өтінімдер, сондай-ақ Т+1 есеп айырысу режимі бар АҚШ мемлекеттік қазынашылық облигацияларымен операциялар бойынша өтінімдер мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізу мүмкін болмауына байланысты қабылданбайды.
2025 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстандық қаржы нарықтары жабылады, KASE және AIX-ке өтінімдер қабылданбайды. Халықаралық қаржы нарықтарына өтінімдер осы күні сауда сессиялары сағаттарында стандартты режимде беріледі.
Өз операцияларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты назарға алуды сұраймыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі байланыс нөмері бойынша хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 701 006 41 80
- немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz.
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
