Құрметті клиенттер!
Halyk Finance Сізді келе жатқан Республика күнімен құттықтайды және қаржы нарықтарының жұмысындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
2025 жылғы 24 қазанда АҚШ нарықтарына өтінімдер, сондай-ақ Т+1 есеп айырысу режимі бар АҚШ мемлекеттік қазынашылық облигацияларымен операциялар бойынша өтінімдер мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізу мүмкін болмауына байланысты қабылданбайды.
2025 жылғы 27 қазанда қазақстандық қаржы нарықтары жабылады, KASE және AIX-ке өтінімдер қабылданбайды. Халықаралық қаржы нарықтарына өтінімдер осы күні сауда сессиялары сағаттарында стандартты режимде беріледі.
Өз операцияларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты назарға алуды сұраймыз.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, төмендегі байланыс ақпараты арқылы бізге хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 701 006 41 80
- немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz.
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
