Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы

Құрметті клиенттер! 

2025 жылғы 20 қазанда күндізгі тәртіпте өтетін «KEGOC» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі-Жиналыс): Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат 11:30-да өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу (Астана уақыты бойынша) сағат 09:30-да басталады.

Күн тәртібі:

  1. Қоғамның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  2. 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы «KEGOC» АҚ-ның қаржылық есептілігін, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтағы «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 24 қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптастырылады.

Жиналыстардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалды 2025 жылғы 10 қазаннан бастап жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) мына мекенжай бойынша алуға болады: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат, 907 кабинет, сондай-ақ корпоративтік веб-сайтта - https://www.kegoc.kz/  

Бірінші отырыс өткізілмеген жағдайда, қайталама отырыс 2025 жылғы 21 қазанда сағат 11.30-да жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізіледі.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс деректері арқылы бізге хабарласыңыз::

  • +7 701 006 41 81
  • +7 707 357 31 70 
  • +7 701 006 41 80

немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус