Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

Хабарлама: 2020 жылғы 01 қыркүйекте Брокерлік қызметтерді және номиналды ұстау қызметтерін көрсету туралы шарты (жария шарт) жаңа редакцияда күшіне енетінін хабарлаймыз

Құрметті клиенттер!

"Halyk Finance" АҚ бағалы қағаздар  нарығында біздің компанияны сіздің Брокеріңіз ретінде таңдағаныңыз үшін алғысын білдіреді! 

Осымен,  2020 жылғы 01 қыркүйекте "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" акционерлік қоғамның Брокерлік қызметтерді және номиналды ұстау қызметтерін көрсету туралы шарты (жария шарт) (бұдан әрі-Шарт) жаңа редакцияда күшіне енетінін хабарлаймыз.  

Шартқа енгізілген, негізгі өзгерістер мен толықтырулар: 

  1. Үлгілік нысанының атауы "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" акционерлік қоғамның номиналды ұстаушысы ретінде шоттарды жүргізу құқығымен қосылу шарты" атауынан "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" акционерлік қоғамның  Брокерлік қызметтерді және номиналды ұстау қызметтерін көрсету туралы шарты" (жария шарт) атауына өзгертілді. 
  2. 1.7. және 16.1.4. тармақтары Шарттан қайталанатын нормалар ретінде алынып тасталды.
  3. 3.2., 3.3., 3.5., 3.6., 6.7., 8.7. тармақтары интернет-трейдинг құралдары бөлігінде нақтаулармен толықтырылды - веб-нұсқа/мобильді қосымша.
  4. Шарт мынадай тармақтармен толықтырылды:
  • 1.10 тармақ электрондық құжаттардың тәртібін айқындайды; 
  • 2.3. тармақ клиенттермен қашықтықтан қарым-қатынас орнату кезінде "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ мен "Halyk Finance" АҚ арасында клиенттердің жеке деректерімен өзара алмасуға келісімі туралы;
  • 10.1.9 тармақ Клиенттің офшорлық аймақтарда контрагенттермен мәмілелер жасау ниеті туралы Брокерге жазбаша хабарлау  міндеті туралы;
  • 10.1.10. тармақ Клиенттің салық резиденттігінің ауысуы туралы Брокерге жазбаша хабарлау міндеті туралы;
  • 16.12 тармақ, Клиенттің табыс көзін растауы туралы. 

Шартқа енгізілген өзгерістермен және/немесе толықтырулармен келіспеген жағдайда, Сіз Шартта көзделген талаптар бойынша Шартты бұза аласыз.  

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмерлері бойынша хабарласуларыңызды өтінеміз:

  • +7 700 331 59 19 - Алия Абдумажитова
  • +7 700 331 59 16 – Лаура Тохтарова
  • +7 700 331 59 17 – Жанна Нуралина
  • +7 7172 64 34 33 – Динара Асамбаева
  • немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz

Ізгі ниетпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус