Құрметті клиенттер!
Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) 2026 жылғы 28 мамырда сағат 11:00-де (Астана уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Астана қ., Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12 тұрғын емес үй-жай, 702-кабинет мекенжайы бойынша бетпе-бет тәртібінде өткізілетінін хабарлаймыз. Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты: сағат 09:00 (Астана уақыты бойынша).
Күн тәртібі:
- Қоғамның 2025 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін және аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
- 2025 жыл үшін Қоғамның таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Қоғамның бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесінің 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы жылдық есебін бекіту туралы.
- Қоғамның акционерлерінің 2025 жылы Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері мен оларды қарау қорытындылары туралы.
- Қоғамның Жарғысына өзгеріс енгізу туралы.
- Қоғамның корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережесін бекіту туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 28 сәуірдегі (Астана уақыты бойынша) жағдай бойынша жасалды.
Жиналыс көрсетілген күні өтпей қалған жағдайда, қайталанған Жиналыс 2026 жылғы 29 мамырда сағат 11:00-ге (Астана уақыты бойынша) тағайындалады.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлер үшін келесі сілтеме бойынша интернет-ресурста қолжетімді:
https://kase.kz/kz/information/news/show/1565025
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

