Құрметті клиенттер!
Бұған дейін жарияланған корпоративтік іс-шара — Zeekr Intelligent TE (ISIN - US98923K1034) компаниясының акцияларын біріктіру (merger) туралы жаңартылған ақпаратты хабарлаймыз (бұдан әрі — Компания).
Geely Automobile Holdings Ltd компаниясы Zeekr Intelligent TE компаниясын өзінің еншілес құрылымы Keystone MergerSub Ltd арқылы біріктіру (merger) жолымен сатып алатынын жариялады.
Жиналыс күні: белгісіз.
Біріктірудің күшіне ену күні: белгісіз.
Корпоративтік оқиғаның басталу күні: 07 қазан 2025 жыл.
Күтілетін аяқталу күні: 31 қазан 2025 жыл.
Өтініш берудің соңғы мерзімі (market deadline): 31 қазан 2025 жыл, 17:00 (Нью-Йорк уақытымен).
Іс-шара аясында Компанияның акция иелеріне келесі опциялар ұсынылады:
- Zeekr Intelligent TE компаниясының 1 АДР үшін 26,87 USD көлемінде қолма-қол ақшаны алу.
- Zeekr Intelligent TE компаниясының 1 АДР үшін Geely Automobile Holdings Ltd компаниясының 12,3 акциясын алу.
- Ешқандай әрекет жасамау — бұл жағдайда опция автоматты түрде қолданылады.
Назар аударыңыз: 1 АДР сомасынан АДР-ды қайтару үшін - 0,05 USD, және депозитарлық қызметтер үшін -0,02 USD комиссия алынады.
Zeekr Intelligent TE акцияларымен операциялар корпоративтік оқиға аяқталғанға дейін қолжетімсіз болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 701 006 41 81
- Астана қ.: +7 701 006 41 80
- WhatsApp: +7 707 357 31 70
- Электрондық пошта: sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ