Құрметті клиенттер!
2024 жылғы 15 тамызда Нидерланды, Схипхол бульвары 165, 1118 БГ Схипхол мекенжайы бойынша өтетін YANDEX N.V. компаниясының акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз.
Жиналыстың күн тәртібі:
- 2023 жылға жылдық бухгалтерлік есептілікті дайындау мерзімін ұзарту және қаржылық есептілікті бекіту;
- Компания директорларының құрамына өзгерістер енгізу;
- Арнайы сыйлықақыларды бекіту және акционерлік капиталды көтермелеу жоспарына өзгерістер енгізу;
- Компанияның атауын өзгерту және Жарғыға өзгерістер енгізу;
- Reanda Audit Assurance B. V. аудитор ретінде мақұлдау;
- Шығарылған А класындағы акцияларды сатып алуды мақұлдау;
- Компанияның Директорлар кеңесіне А класындағы акциялар шығаруға өкілеттік беру.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2024 жылғы 18 шілдедегі жағдай бойынша жасалды.
Алдағы корпоративтік оқиға бойынша толық ақпаратпен Компанияның корпоративтік сайтында танысуға болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі байланыстар бойынша хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81, іш. 3316, 3317, 3319, 336, 3364, 3433
- +7 701 006 41 80, іш. 3390, 3391
немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ