Құрметті клиенттер!
Сіздерге Viatris Inc (ISIN - US92556V1061) компаниясының жылдық жалпы акционерлер жиналысы (бұдан әрі-Жиналыс) 2025 жылдың 5 желтоқсанында сағат 11:00-де (АҚШ уақыты бойынша) DoubleTree Resort by Hilton Hollywood Beach, 4000 South Ocean Drive, Hollywood, FL 33019, US мекенжайы бойынша өтетінін хабарлаймыз.
Күн тәртібі:
- Директорлар кеңесінің мүшелерін қайта сайлау;
- Тағайындалған атқарушы лауазымды тұлғаларға сыйақы төлеу туралы мәселе бойынша шешім қабылдау;
- Deloitte Touche LLP компаниясын аудитор ретінде бекіту.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылдың 10 қазанындағы жағдай бойынша жасалды.
Сонымен қатар, Жиналыс материалдарымен компанияның ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://www.viatris.com/en
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі байланыс бойынша хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 707 357 3170
- +7 701 006 41 80
немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ
