Құрметті клиенттер!
Осымен Verizon Communications Inc акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2026 жылғы 21 мамырда сағат 10:00-де (АҚШ уақыты бойынша) виртуалды форматта өтетінін хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс).
Күн тәртібі:
- Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
- Басшылардың сыйақысы бойынша консультативтік дауыс беру.
- Акциялармен сыйақы берудің жалпы жоспарын (Omnibus Stock Plan) бекіту.
- Ernst & Young LLP -ді аудитор ретінде бекіту.
- Директорлар кеңесінің климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді қадағалауы туралы есеп.
- Бас директор (CEO) мен Директорлар кеңесі төрағасының рөлдерін міндетті түрде бөлу саясатын қабылдау.
- Басшыларға сыйақы беру жүйесінде ESG (экология, қоғам, басқару) және DEI (әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік) көрсеткіштерін пайдалану тәуекелдері туралы есеп.
- Дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні: 2026 жылғы 12 мамыр, сағат 18:00-ге дейін (АҚШ уақыты бойынша).
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 23 наурыздағы жағдай бойынша жасалды.
Жиналыстың өтетін орны: виртуалды кездесу, сілтеме: www.meetnow.global/VZ2026
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

