Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

Tesla Incorporation акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы

Құрметті клиенттер! 

Осымен 2025 жылғы 6 қарашада сағат 15:00-де (АҚШ уақыты бойынша) виртуалды форматта өтетін Tesla Incorporation, ISIN US88160R1014 акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі – «Жиналыс») өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

Жиналыста акционерлер бірнеше қарар бойынша дауыс береді, мысалы: 

  • Директорлар кеңесін қайта сайлау; 
  • Директорлардың өтемақысын бекіту; 
  • Қолданыстағы акцияларды бөлу жоспарын өзгерту (Omnibus Stock жоспары);
  • CEO — Elon Musk сыйлығы аясында акциялар шығарылымын бекіту;
  • PricewaterhouseCoopers LLP аудитор ретінде мақұлдау; 
  • Көпшілік дауыстың талабын жою;
  • Директорлар кеңесіне компанияның қаражатын xAI компаниясына инвестициялауға рұқсат беру;
  • Топ-менеджерлер үшін тиімділік көрсеткіштеріне тұрақты дамуды қосу мүмкіндігін бағалау;
  • Жеткізу тізбегіндегі балалар еңбегіне жол бермеу бөлігінде стандарттардың сақталуы туралы есеп;
  • Жарғыға өзгерістер енгізу;
  • Директорлар кеңесінің сыныптарға бөлінуін жою (Declassify the Board);
  • Негізгі шешімдер қабылдау үшін қажетті дауыс шегін төмендету;
  • Акционерлердің жарғыға енгізілген өзгерістерді міндетті мақұлдауын белгілеу.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша жасалды. 
Жиналыс өтетін орын: виртуалды кездесу, сілтеме: http://www.virtualshareholdermeeting.com/TSLA2025

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • +7 701 006 41 81
  • +7 707 357 31 70 
  • +7 701 006 41 80

немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус