Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

Solidcore Resources plc акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлаймыз

Құрметті клиенттер!

Осымен Solidcore Resources plc компаниясының  акционерлерінің (бұдан әрі – Компания) жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс). Жиналыс 2026 жылғы 24 маусымда сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша) бетпе-бет тәртіпте мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Достық көш., 16, Ritz Hotel қонақүйі, Astana Room залы. 

Күн тәртібі:

  1. Компанияның 2025 жылғы интеграцияланған жылдық есебін және қаржылық есептілігін, сондай-ақ директорлар мен аудитордың есептерін бекіту.
  2. 2025 қаржы жылындағы директорлардың сыйақысы туралы есепті бекіту.
  3. 2025 қаржы жылының қорытындысы бойынша соңғы дивидендті жарияламау және төлемеу туралы шешім қабылдау.
  4. Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелерін тағайындау және қайта сайлау.
  5. Келесі Жиналысқа дейін Ernst & Young LLP-ді Компанияның аудиторы ретінде қайта сайлау.
  6. Директорлар кеңесіне аудитор сыйақысының мөлшерін анықтау өкілеттігін беру.
  7. Директорлар кеңесіне Компанияның қосымша акцияларын орналастыру (шығару) құқығын беру.
  8. Компанияға сатып алынған өз акцияларын Компанияның балансында қазынашылық акциялар ретінде есепке алу құқығын беру.
  9. Компанияға өз акцияларын нарықтық сатып алуды жүзеге асыру құқығын беру.
  10. Акционерлердің белгіленген лимит шегінде акцияларды сатып алуға басым құқығын ішінара алып тастау.
  11. Директорлар кеңесіне бірігу, жұтылу және ірі инвестициялық мәмілелерді қаржыландыру мақсатында қолданыстағы акционерлердің басым құқығынсыз қосымша акциялар шығаруға құқық беру.
  12. Компанияға қазынашылық акцияларды жою арқылы жарғылық капиталды азайту құқығын беру.

Дауыс беру бойынша нұсқаулықтарды беру мерзімі: 2026 жылғы 22 маусым, сағат 14:00-ден (Астана уақыты бойынша) кешіктірілмей.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша жасалды. 

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлерге компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: https://www.solidcore-resources.com/en/investors-and-media/shareholder-centre/general-meetings/ 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус