Құрметті клиенттер!
Осымен 2026 жылғы 19 маусымда өтетін «Роснефть» МК» ЖАҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс). Жиналыстың өткізілетін орны: Ресей, Приморье өлкесі, Большой Камень қ., Аллея Труда көшесі, 19А, «Звезда» кәсіптік оқыту орталығы.
Күн тәртібі:
- Қоғамның жылдық есебін бекіту.
- Қоғамның жылдық бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін бекіту.
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның пайдасын бөлуді бекіту.
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу мөлшері, мерзімдері және нысаны туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру және шығыстарын өтеу туралы.
- Қоғамның Тексеру комиссиясының мүшелеріне сыйақы беру және шығыстарын өтеу туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
- Қоғамның Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау.
- Қоғамның аудиторлық ұйымын тағайындау туралы.
Дауыс беру мерзімі: 2026 жылғы 16 маусым.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша жасалды.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлерге компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: https://www.rosneft.ru/Investors/shareholdersinfo/shareholdersmeeting/meeting_19062026/
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

