Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

Nostrum Oil & Gas PLC компаниясының (бұдан әрі – Компания) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2026 жылғы 25 маусымда, 11:30-да (Лондон уақыты бойынша) өтетіндігі туралы

Құрметті клиенттер!

Осымен Nostrum Oil & Gas PLC компаниясының (бұдан әрі – Компания) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі – Жиналыс) 2026 жылғы 25 маусымда, 11:30-да (Лондон уақыты бойынша) өтетіндігі туралы хабарлаймыз. Жиналыстың өтетін орны: White & Case LLP, 5 Old Broad Street, Лондон, Ұлыбритания.   

Күн тәртібі:

  • Компанияның 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігін және реттеушілік есептерін бекіту.
  • Компания басшылығының сыйақылары туралы есепті бекіту.
  • Сыйақы саясатын бекіту.
  • Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау және қайта сайлау.
  • Компанияның аудиторлары ретінде RPG Crouch Chapman LLP-ді тағайындау.
  • Аудиторлар сыйақысының мөлшерін бекіту.
  • Компанияға Жалпы жиналысты екі апта (14 күн) бұрын хабардар ете отырып шақыру өкілеттігін беру.  

Дауыс беру мерзімі: 2026 жылғы 18 маусым, 18:00-ге (UTC уақыты бойынша)  дейін. 

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша жасалады. 

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлерге компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: https://www.nostrumoilandgas.com/investors/regulatory-news-alerts/  

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус