Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«Норильск никель» тау-кен металлургиялық компаниясы» ЖАҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы

Құрметті клиенттер!

Осымен «Норильский никель» ТМК» ЖАҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2026 жылғы 30 маусымда сағат 11:00-де (Мәскеу уақыты бойынша), РФ, Мәскеу қ., Новинский бульвары, 8-үй, 2-құрылыс, «Лотте Отель» қонақүйі мекенжайы бойынша өтетіндігін хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс).

Күн тәртібі:

  1. Қоғамның 2025 жылғы жылдық есебін бекіту.
  2. 2025 жылғы бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті бекіту.
  3. 2025 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті бекіту.
  4. Дивидендтер төлеуді (жариялауды) қоса алғанда, 2025 жылғы пайданы бөлу.
  5. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
  6. Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау.
  7. Ресейлік бухгалтерлік есептілікті тексеру үшін аудиторлық ұйымды тағайындау.
  8. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті тексеру үшін аудиторлық ұйымды тағайындау.
  9. Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру және шығындарын өтеу.
  10. Тексеру комиссиясының мүшелеріне сыйақы беру.
  11. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне шығындарды өтеу бойынша мүдделілік бар, өзара байланысты мәмілелерді жасасуға келісім беру туралы. 
  12. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің жауапкершілігін сақтандыру бойынша мүдделілік бар мәмілені жасасуға келісім беру туралы. 

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша жасалды.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні: 2026 жылғы 25 маусым.

Жиналыс күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлерге Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://nornickel.ru/investors/shareholders/general-meetings/

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус