Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

Meta Platforms Inc., компаниясының акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы туралы

Құрметті клиенттер!

Осымен Meta Platforms Inc., компаниясының акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2026 жылғы 27 мамырда сағат 10:00-де (АҚШ уақыты бойынша) виртуалды форматта өтетінін хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс).          

Күн тәртібі:

  1. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.  
  2. Ernst & Young LLP -ді аудитор ретінде бекіту. 
  3. ЖИ-өнімдерін әзірлеу кезінде үшінші тарап деректерін пайдалану тәуекелдері туралы есеп.
  4. Басшылардың сыйақысы бойынша консультативтік дауыс беру.
  5. «Бір акция - бір дауыс» схемасына көшу туралы ұсыныс.
  6. Дауыс беру нәтижелерін акциялар түрлері тұрғысынан ашу.
  7. Компания платформалары мен алгоритмдерінің қызметіне байланысты адам құқықтарының бұзылуын анықтау және алдын алу механизмдерінің тиімділігі туралы есеп.
  8. Компания платформаларында антисемитизмнің таралуына және өшпенділікті қоздыруға қарсы күрес жөніндегі модерация шаралары мен құралдарының тиімділігі туралы есеп.
  9. Дата-орталықтардың энергия тұтынуының компанияның шығарындыларды азайту жөніндегі экологиялық мақсаттарына қол жеткізуіне әсері туралы есеп.
  10. Балаларды қорғау саласындағы тиімділік көрсеткіштерін компания басшыларына сыйақы беру бағдарламасына интеграциялау туралы есеп.
  11. Жергілікті ЖИ чат-боттарының дербес деректерді қорғауға әсерін бағалау және қадағалау жүйесі туралы есеп дайындау.
  12. Компанияның кадрлық саясаты шеңберінде H-1B жұмыс визасы бағдарламасын пайдаланудың АҚШ азаматтарын кемсіту қаупі мен оның салдарын талдау туралы есепті дайындау.

Дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні: 2026 жылғы 18 мамыр, сағат 18:00-ге дейін (АҚШ уақыты бойынша).  

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жасалды.  

Жиналыстың өтетін орны: виртуалды кездесу, сілтеме: www.virtualshareholdermeeting.com/META2026 

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар және веб-трансляцияға сілтеме акционерлер үшін компанияның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді болады: https://investor.atmeta.com/annual-meeting/default.aspx 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz
  • Құрметпен,

"Halyk Finance" АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус