Құрметті клиенттер!
Осымен 2026 жылғы 19 маусымда сағат 13:00-де (Мәскеу уақыты бойынша) өтетін «Магнит» ЖАҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс). Жиналыстың өткізілетін орны: Ресей Федерациясы, Краснодар қаласы, Солнечная көшесі, 15/4.
Күн тәртібі:
- Қоғамның 2025 жылға арналған жылдық есебін бекіту.
- 2025 жылға арналған жылдық бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті бекіту.
- 2025 қаржы жылының қорытындысы бойынша пайданы бөлу, соның ішінде дивидендтерді төлеу (жариялау) туралы шешімді бекіту.
- Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
- Ресейлік бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша есептілікті тексеру үшін аудиторлық ұйымды тағайындау.
- Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілікті тексеру үшін аудиторлық ұйымды тағайындау.
- Қоғам Жарғысының жаңа редакциясын бекіту.
Дауыс беру мерзімі: 2026 жылғы 10 маусым.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша жасалды.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлерге компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: https://www.magnit.com/ru/shareholders-and-investors/shareholders-meeting/#accordion-meeting-agenda
- Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

