Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

Intel Corporation компаниясының акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы виртуалды форматта өтетінін хабарлаймыз

Құрметті клиенттер!

Осымен Intel Corporation компаниясының акционерлерінің (бұдан әрі – Компания) жылдық жалпы жиналысы 2026 жылғы 13 мамырда сағат 09:00-де (АҚШ уақыты бойынша) виртуалды форматта өтетінін хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс).    

Күн тәртібі:

  1. Директорлар кеңесінің мүшелерін қайта сайлау.  
  2. Ernst & Young LLP-ді аудитор ретінде бекіту.
  3. Басшылардың сыйақысы бойынша консультативтік дауыс беру.  
  4. Компания қызметкерлерін акциялармен марапаттаудың жалпы жоспарын жаңарту.
  5. Қызметкерлердің акцияларды сатып алу жоспарына өзгеріс енгізу.
  6. Қытайдағы қызмет тәуекелдері туралы есеп.
  7. Адам құқықтары саласындағы кешенді тексеру процестерінің сақталуы және тәуелсіз тексеру есебін дайындау туралы. 
  8. Директорлар кеңесінің тәуелсіз төрағасын тағайындау туралы талап. 

Дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні: 2026 жылғы 4 мамыр, сағат 18:00-ге дейін (АҚШ уақыты бойынша).  

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша жасалды.  

Жиналыстың өтетін орны: виртуалды кездесу, сілтеме: www.virtualshareholdermeeting.com/Intel26 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус