Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«Газпром» ЖАҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетіндігін хабарлаймыз

Құрметті клиенттер!

Осымен 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10:00-де (Мәскеу уақыты бойынша) «Газпром» ЖАҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) өтетіндігін хабарлаймыз.

Күн тәртібі:

  1. Қоғамның жылдық есебін бекіту.
  2. Қоғамның жылдық бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін бекіту.
  3. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қоғам пайдасын бөлуді бекіту.
  4. 2025 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша дивидендтердің мөлшері, мерзімдері мен төлеу нысаны туралы және дивидендтер алуға құқығы бар тұлғалар анықталатын күнді белгілеу туралы.
  5. Қоғамның аудиторлық ұйымын тағайындау.
  6. Директорлар кеңесінің құрамындағы жұмысы үшін директорлар кеңесінің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мүшелеріне Қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген мөлшерде сыйақы төлеу туралы.
  7. Тексеру комиссиясының құрамындағы жұмысы үшін тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мүшелеріне Қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген мөлшерде сыйақы төлеу туралы.
  8. Қоғам Жарғысына өзгерістер енгізу.
  9. Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысы туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы.
  10. Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы.
  11. Қоғамның Басқармасы туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы.
  12. Қоғамның Басқарма Төрағасы туралы ережеге өзгерістер енгізу.
  13. Қоғамның Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау.

2026 жылғы 5 маусымнан бастап акционерлер Интернет желісіндегі elgol.draga.ru сайтында бюллетеньдердің электронды нысанын толтыра алады. Қағаз түрінде толтырылған бюллетеньдерді пошта арқылы мына мекенжайға жіберуге болады: «Газпром» ЖАҚ, № 1255 ЖӘШІК, Санкт-Петербург қ., 200961 немесе мына мекенжай бойынша жеке тапсыруға болады: Санкт-Петербург қ., Лахта даңғылы, 2-үй, 3-корпус, 1-құрылыс.

Дауыс беру мерзімі: 2026 жылғы 18 маусым сағат 13:00-ге (Мәскеу уақыты бойынша) дейін.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жасалды.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлерге компанияның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gazprom.ru/press/news/2026/may/article584366/

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус