Құрметті клиенттер!
Бұған дейін хабарланған корпоративтік оқиға – Enovix Corp компаниясының (ISIN: US2935941078, бұдан әрі – Компания) варранттар (warrants) бөлуіне қатысты ақпараттың жаңартылғанын хабарлаймыз.
Компания 2025 жылғы 17 шілдедегі тіркеу күніне (Record Date) дейін Компанияның жай акцияларына иелік еткен акционерлерге варранттар бөлетінін жариялады. Акционерлер әрбір 7 жай акция үшін 1 варрант алады. Бөлшек варранттар төменге қарай дөңгелектенеді, бұл жағдайда ақшалай өтемақы қарастырылмаған.
- Күтілетін тикер: ENVXW
- Атауы: ENOVIX CORP WTS 01OCT26
- ISIN: US2935941318
- Варранттардың шотқа түсу күні: 2025 жылғы 21 шілде
- Бір варрант Компанияның бір жай акциясын 8,75 АҚШ доллары бойынша сатып алуға құқық береді.
- Варранттардың қолданылу мерзімі: 2026 жылғы 1 қазанға дейін
Аталған мерзімге дейін варрант иелері оларды жүзеге асырып, Компанияның жай акцияларын 8,75 АҚШ доллар бағасы бойынша сатып ала алады.
Варранттар келесі шарт орындалған жағдайда мерзімінен бұрын күшін жоюы мүмкін: егер варранттар бөлінген күннен кейінгі 30 қатарынан болатын сауда күндерінің ішінде Enovix акцияларының орташа өлшенген бағасы (VWAP) 10,50 АҚШ долларын құраса немесе асса, онда варранттардың қолданылу мерзімі автоматты түрде осы 30 күндік кезеңнен кейінгі бірінші жұмыс күніне дейін қысқартылады. Бұл жағдайда варранттарды жүзеге асыру тек келесі жұмыс күнгі сағат 17:00-ге дейін мүмкін болады, егер Компания өзгеше шарттарды белгілемесе.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі байланыс нөмері бойынша хабарласыңыз:
- Алматы қ.: +7 701 006 41 81
- Астана қ.: +7 701 006 41 80
- WhatsApp: +7 707 357 31 70
- Электрондық пошта: sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
Halyk Finance" АҚ