Құрметті клиенттер!
Сіздерге Cohen & Steers Quality Income Realty Fund Inc компаниясының (ISIN: US19247L1061) пайлары бойынша бұрын жарияланған корпоративтік оқиғаға қатысты ақпараттың жаңартылғанын хабарлаймыз.
Корпоративтік оқиғаның деректері:
|
|
|
| Параметр | Мәні |
|
|
|
| Оқиғаның түрі | Құқықтарды бөлу (rights distribution) |
| Міндеттеме белгісі | Міндетті |
| Тіркеу күні | 2026 жылдың 18 маусымы |
| Құқықсыз сауда-саттықтың басталу күні | 2026 жылдың 18 маусымы |
| Құқықтардың есепке алынуының күтілетін күні | 2026 жылдың 22 маусымы |
| Бөлу коэффициенті | 1:1 |
| Жазылу шарттары | 3 құқық 1 жаңа акцияны сатып алу құқығын береді |
| Құқықтардың қолданылу мерзімі | 2026 жылғы 15 шілде, сағат 17:00-де (Нью-Йорк уақыты бойынша) |
| Жаңа ISIN | US19247L1228 |
| Алдын ала жазылу бағасы | 12,18 USD |
| Сатуға нұсқаулықтар берудің соңғы мерзімі | 2026 жылдың 8 шілдесі |
|
|
|
Құқық иеленушілер келесі әрекеттерді орындай алады:
- Құқықтарды іске асыру - жазылу бағасы бойынша қосымша акцияларды сатып алуға нұсқаулық (тапсырыс) беру.
- Құқықтарды нарықта сату.
- Ештеңе істемеу - бұл жағдайда құқықтар 15 шілдеден кейін қайтарымсыз жойылады (күйіп кетеді).
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

