Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«Банк ВТБ» ЖАҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлаймыз

Құрметті клиенттер!

Осымен 2026 жылғы 30 маусымда Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:30-да, РФ, Мәскеу қ., Раменский бульвары, 1-үй, «Ломоносов» кластері мекенжайы бойынша өтетін «Банк ВТБ» ЖАҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

Күн тәртібі: 

  1. Қоғамның жылдық есебін бекіту;
  2. Қоғамның пайдасын бөлу, соның ішінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қоғам акциялары бойынша дивидендтер төлеу (жариялау);
  3. Қоғамның Байқау кеңесінің құрамын анықтау туралы;
  4. Қоғамның Байқау кеңесінің мүшелерін сайлау;
  5. Қоғамның Ревизиялық комиссиясының мүшелерін сайлау;
  6. Қоғамның аудиторлық ұйымын тағайындау;
  7. Қоғамның қосымша жай акцияларын орналастыру арқылы Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту туралы.

Дауыс беруге қатысу үшін бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні: 2026 жылғы 29 маусым.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлер тізімі 2026 жылғы 06 маусымдағы жағдай бойынша жасалады.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлерге Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://gm-vtb.vtbreg.ru/


Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус