Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

Alphabet Inc. акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы

Құрметті клиенттер!

Осымен Alphabet Inc. компаниясының акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2026 жылғы 5 маусымда сағат 09:00-де (АҚШ уақыты бойынша) виртуалды форматта өтетінін хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс).           
 
Күн тәртібі:   

  1. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау. 
  2. Ernst & Young LLP -ді аудитор ретінде бекіту. 
  3. Акциялармен сыйақы берудің жалпы жоспарына (Omnibus Stock Plan) өзгерістер енгізуді бекіту. 
  4. Басшыларға сыйақы төлеу бойынша консультативтік дауыс беру.
  5. Жасанды интеллект пен дата-орталықтардың климатқа (парниктік газдардың шығарындылары) және су ресурстарына әсері туралы есеп.
  6. «Бір акция – бір дауыс» схемасына көшу туралы ұсыныс.
  7. Қосымша сұрақтар (компанияның ЖИ этикасы, дербес деректерді қорғау және әлеуметтік саясатқа әсері саласындағы тәуекелдері туралы). 

Дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні: 2026 жылғы 27 мамыр, сағат 18:00-ге дейін (АҚШ уақыты бойынша).  
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 6 сәуірдегі жағдай бойынша жасалды.  

Жиналыстың өтетін орны: виртуалды кездесу, сілтеме:
www.virtualshareholdermeeting.com/GOOGL26 

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар және веб-трансляцияға сілтеме компанияның корпоративтік интернет-ресурсында акционерлерге қолжетімді: https://abc.xyz/investor/news/news-details/2026/Alphabet-Announces-Internet-Availability-of-Proxy-Materials-for-its-2026-Annual-Meeting-of-Shareholders-2026-RxW7z_q1DQ/default.aspx 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус