Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

The Coca-Cola Company акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлаймыз

Құрметті клиенттер!

Осымен The Coca-Cola Company компаниясының (бұдан әрі – Компания) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс). Жиналыс 2026 жылғы 29 сәуірде сағат 08:30-да (АҚШ уақыты бойынша) виртуалды форматта өтеді. 

Күн тәртібі:

  1. Директорлар кеңесінің мүшелерін қайта сайлау.  
  2. Басшылардың сыйақысы бойынша консультативтік дауыс беру.  
  3. Ernst & Young LLP компаниясын аудитор ретінде бекіту.
  4. Тұрақты даму жөніндегі комитет құру.  
  5. Өнімді орауда пластикті қолдану саясаты туралы есеп. 
  6. Компанияның қызметкерлердің әртүрлілігі, теңдігі және инклюзиясы бойынша қазіргі бастамаларын таныстыру. 
  7. Компания өнімдеріндегі химиялық қоспаларға байланысты тәуекелдер туралы есеп.
  8. Экологиялық, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару бойынша есептердің ашықтығын арттыру.

Дауыс берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 20 сәуір, сағат 18:00 (АҚШ уақыты бойынша).

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша жасалды. 

Жиналыстың өтетін орны: виртуалды кездесу, сілтеме: meetnow.global/KO2026 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус