Интервалдық пайлық инвестициялық қорлардың қағидаларына енгізілген № 1 өзгерістердің күшіне енуі туралы
Құрметті клиенттер!
«Halyk Finance» АҚ интервалдық пайлық инвестициялық қорлардың қағидаларына енгізілген № 1 өзгерістердің (бұдан әрі — «№ 1 өзгерістер») 2026 жылғы 5 қазаннан бастап күшіне енгені туралы хабарлайды.
Аталған өзгерістер шеңберінде келесі қорлардың пайларына техникалық бөлшектеу (сплит) жүргізілді:
«Облигации в $» ИПИҚ (бұрынғы атауы — «Halyk-Валютный»)
№ 1 өзгерістерге сәйкес пай құнын есептеу әдісі өзгертіліп, пайларға 1:1 000 арақатынасында техникалық сплит жүргізілді:
- Пайдың номиналды құны: 1 000 USD-ден 1 USD-ге өзгертілді.
- Клиенттердің шоттарындағы пайлар саны: автоматты түрде 1 000 есе ұлғайтылды. Сплитке дейін номиналды құны 1 000 USD болатын 1 пай сплиттен кейін әрқайсысының номиналды құны 1 USD болатын 1 000 пайға сәйкес келеді.
- Инвесторлар активтерінің жалпы құны: сплит нәтижесінде өзгерген жоқ.
«Глобальные акции» ИПИҚ (бұрынғы атауы — «Halyk-Перспективные инвестиции»)
№ 1 өзгерістерге сәйкес пай құнын есептеу әдісі өзгертіліп, пайларға 1:100 арақатынасында техникалық сплит жүргізілді:
- Пайдың номиналды құны: 100 USD-ден 1 USD-ге өзгертілді.
- Клиенттердің шоттарындағы пайлар саны: автоматты түрде 100 есе ұлғайтылды. Сплитке дейін номиналды құны 100 USD болатын 1 пай сплиттен кейін әрқайсысының номиналды құны 1 USD болатын 100 пайға сәйкес келеді.
- Инвесторлар активтерінің жалпы құны: сплит нәтижесінде өзгерген жоқ.
«Bolashaq – Акции будущего» ИПИҚ (бұрынғы атауы — «Halyk-Global»)
№ 1 өзгерістерге сәйкес пай құнын есептеу әдісі өзгертіліп, пайларға 1:10 арақатынасында техникалық сплит жүргізілді:
- Пайдың номиналды құны: 10 USD-ден 1 USD-ге өзгертілді.
- Клиенттердің шоттарындағы пайлар саны: автоматты түрде 10 есе ұлғайтылды. Сплитке дейін номиналды құны 10 USD болатын 1 пай сплиттен кейін әрқайсысының номиналды құны 1 USD болатын 10 пайға сәйкес келеді.
- Инвесторлар активтерінің жалпы құны: сплит нәтижесінде өзгерген жоқ.
№ 1 өзгерістердің толық мәтінімен, сондай-ақ қорлар қағидаларының жаңартылған редакцияларымен төмендегі сілтемелер арқылы немесе «Halyk Finance» АҚ кеңселерінде танысуға болады:
- «Облигации в $» ИПИҚ қағидалары және Қағидаларға қосымшалар;
- «Глобальные акции» ИПИҚ қағидалары және Қағидаларға қосымшалар;
- «Bolashaq – Акции будущего» ИПИҚ қағидалары және Қағидаларға қосымшалар.
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ