Compliance

Compliance

«Halyk» Тобының бірыңғай комплаенс-мәдениеті Топқа қолданылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын және шетелдік мемлекеттердің заңнамасын, сондай-ақ комплаенс саласындағы халықаралық стандарттарды қамтамасыз ету жұмысының ұйымдастырылуына негізгі тәсілдер мен стандарттарды анықтайды және бірыңғай тұжырымдаманы қалыптастырады.

Қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңсыз ақшаландыруға (легализацияға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес «Halyk Finance» АҚ тиімді бақылау жүйесін ұйымдастыру мақсатында қызметтерді қолдануды, заңсыз операцияларға және қылмыстық табыстарды легализациялауға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою құралдарын таратуды қаржыландыруға қатысуға тартуды болдырмау үшін қажетті шаралар қолданады (ҚЖҚ/ҚТ).

АО «Halyk Finance» қаржылық мониторинг субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының ҚЖҚ/ҚТ туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының құзықтылы мемлекеттік органдарының заңнамалық актілерінің, ҚЖҚ/ҚТ саласындағы халықаралық ұйымдардың стандарттары мен ұсынымдарын сақтауды жүзеге асырады.

FATCA

АҚШ-тың «Шет елдік шоттарды салықтық бақылау туралы» заңы АҚШ азаматтары мен тұрғындарының халықаралық инвестициялық механизмдерді қолдана отырып салық төлеуден жалтаруын болдырмауға бағытталған.

Foreign Account Tax Compliance Act, FATCA қаржы институттарының АҚШ салық төлеушілерінің шоттарын анықтау және олар туралы ақпаратты АҚШ салық қызметі – Internal Revenue Service, IRS-ке беру қажеттіліктерін белгілейді.

АО «Halyk Finance» GIIN – FQYKVF.00001.ME.398 сәйкес «Қатысушы шетелдік қаржы институты (Reporting Model 1 FFI)» статусында IRS интернет-ресурсында тіркелген.

«Halyk Finance» АҚ инсайдерлері:

Қазақстан Республикасының «Құнды қағаздар нарығы туралы» заңның инсайдерлік ақпарат туралы ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында «Halyk Finance» АҚ 2023 жылғы 20 желтоқсандағы Директорлар кеңесінің шешімімен (№ 32/23-З хаттамасы) бекітілген инсайдерлік ақпаратты иелену мен қолдануды бақылаудың ішкі ережелері қабылданған.

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау