Жаңа редакцияда электрондық қызметтер көрсету туралы шартты бекіту туралы

1 сәуір 2026

Құрметті клиенттер,

"Halyk Finance" АҚ Басқармасының (2026 жылғы 27 наурыздағы № 21/26 отырыс хаттамасы) шешіміне сәйкес 2026 жылғы 12 сәуірден бастап "Интернет - трейдинг" жүйесі арқылы электрондық қызметтер көрсету туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) жаңа редакциясы қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз.

Атап айтқанда, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

  • шарт жеке тұлғаларға арналған мобильді қосымшаны және заңды тұлғаларға арналған веб-терминалды пайдаланушының нұсқауларына сілтемелермен толықтырылды;
  • нарықтық клиенттік тапсырыстарды беру, клиентке жүйеге кіру, нарықтық ақпаратты ұсыну тәртібі нақтыланды;
  • клиенттің клиенттік тапсырыстарды беру және брокердің орындау тәртібі нақтыланды;
  • Шартқа сәйкес қызмет көрсету кезінде брокердің жауапкершілік шектері нақтыланды;
  • шарт бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында Клиенттің ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге келісімінің тұжырымдары нақтыланды.

Шарттың жаңа редакциясымен сайттың "Брокерлік қызмет көрсету" бөлімінде танысуға болады. Сондай-ақ, аталған бөлімде жеке тұлғаларға арналған мобильді қосымшаны және заңды тұлғаларға арналған веб-терминалды пайдаланушының нұсқаулары орналастырылған.

Құрметпен,
Halyk Finance
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау