Зейнетақы активтерін басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы мөлшерін сақтау туралы

30 қыркүйек 2026

Осымен «Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ (бұдан әрі – Halyk Finance) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың Үлгілік нысанының 4-тарауының 17-тармағын орындау мақсатында сізге 2026 жылғы 25 қыркүйекте «Halyk Finance» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару үшін комиссиялық сыйақы мөлшерін инвестициялық кірістің 5,0 %-ы мөлшерінде 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңге өзгеріссіз қалдыру бекітілгенін хабарлайды.

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау