Solidcore Resources plc компаниясы акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы
Құрметті клиенттер!
Осы хабарлама арқылы Solidcore Resources plc компания (бұдан әрі – Компания) акционерлерінің жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) 2026 жылғы 30 қыркүйекте (Астана уақыты бойынша) сағат 11:00-де оффлайн және онлайн форматта Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 60/1, Sheraton Astana Hotel, Baiterek залы мекенжайы бойынша өтетінін хабарлаймыз.
Күн тәртібі:
- Тендерлік ұсыныс (Tender Offer) арқылы бір акция үшін 11,66 АҚШ доллары бағасы бойынша 102 915 952-ге дейінгі жай акцияны сатып алу жолымен акционерлерге 1 200 000 000 АҚШ долларына дейінгі сомада капиталды қайтару туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру келесі тәртіппен өткізіледі:
- Тіркеушінің порталы (https://investor-registrar.aix.kz/) арқылы онлайн – 2026 жылғы 28 қыркүйекті қоса алғанға дейін. Порталда мына бөлімдер бойынша өтіңіз: Menu – Meeting – CAC000002961 оқиға коды.
- Жиналыста көзбе-көз немесе сенімді өкіл (Proxy) тағайындау арқылы – 2026 жылғы 30 қыркүйек сағат 11:00-ге (Астана уақыты бойынша) дейін. Сенімді өкілді тағайындау үшін сенімхат нысанын толтыру қажет Form of Proxy.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 18 қыркүйектегі (Астана уақыты бойынша) жағдай бойынша жасалды.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен танысу үшін Компанияның келесі корпоративтік интернет-ресурсындағы сілтеме қолжетімді: https://www.solidcore-resources.com/kz/investors-and-media/shareholder-centre/general-meetings/
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ