«Halyk-Ликвидный» ИПИҚ несие берушілерін хабардар ету 

1 сәуір 2026

Осы арқылы "Қазақстан Халық Банкінің "Halyk Finance" еншілес ұйымы" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) ҚР «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес «Halyk-Ликвидный» интервалды пай инвестициялық қорының (бұдан әрі – Қор) активтерімен орындалмаған мәмілелерде кредиторлар мен тараптардың назарына Қордың жұмыс істеуін тоқтату туралы жеткізеді. 

Қор Қағидаларының 20-бөлімінің 8-тармағына және ҚР «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, Қоғам тоқтату рәсімін жүргізудің мынадай шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды:

  1. Кредиторлардың талаптарын қою мерзімі: Қордың жұмыс істеуін тоқтату туралы олар хабардар етілген күннен бастап 1 (бір) айды құрайды.
  2. Есеп айырысу тәртібі: Қор активтерін сатудан алынған ақша қаражаты Қор Қағидаларының 20-бөлімінің 14-тармағында белгіленген кезектілік тәртібімен кредиторлар мен пай ұстаушылар арасында бөлінетін болады.

Құрметпен,                                                                       
«Halyk Finance» АҚ
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау