"ҚазМұнайГаз" АҚ облигацияларын сатып алуға ұсыныстарды жинау мерзімінен бұрын аяқталды
Құрметті клиенттер!
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ облигацияларын (ISIN: XS1807300105) сатып алуға өтінімдер қабылдау мерзімінен бұрын аяқталғанын хабарлаймыз. Кешіктірілген мерзімде (соңғы мерзімде) өтінімдер қабылданбайды.
Ерте кезеңнің қорытындысы бойынша ұстаушылар берген өтінімдер көлемі 658 075 000 USD құрап, эмитент белгілеген сатып алудың ең жоғары 500 000 000 USD көлемінен асып түсті. Ерте кезеңдегі өтінімдер ішінара — мәлімделген көлемнің 73,1065% мөлшерінде қанағаттандырылды.
Аяқталған корпоративтік оқиғаның деректері:
| Параметр | Мәні |
| Оқиға түрі | Тендер / Қайта сатып алу ұсынысы (Tender Offer) |
| Міндеттілік белгісі | Ерікті |
| Сатып алудың максималды көлемі | 500 000 000 USD дейін |
| Өтінімдерді қабылдау мәртебесі | Жабық |
Корпоративтік оқиғаның бастапқы шарттарымен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://public.halykfinance.kz/kk/informatsiya-dlya-aktsionerov-i-investorov/o-provedenii-korporativnogo-sobytiya-po-obligatsiyam-ao-nk-kazmunaygaz.html
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы: +7 (701) 006 41 81
- Астана: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ