Жаңа редакцияда брокерлік қызметтер көрсету туралы үлгілік шартты бекіту туралы

1 сәуір 2026

Құрметті клиенттер,

"Halyk Finance" АҚ Басқармасының (2026 жылғы 27 наурыздағы № 21/26 отырыс хаттамасы) шешіміне сәйкес 2026 жылғы 12 сәуірден бастап жеке тұлғаға брокерлік қызмет көрсету туралы үлгілік шарттың (номиналды ұстаумен) жаңа редакциясы (бұдан әрі - Шарт) қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз.

Атап айтқанда, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

  • шарт электрондық қызметтер көрсету туралы шартты айқындаумен толықтырылды;
  • интернет-трейдинг жүйесінде клиентті сәйкестендіру және аутентификациялау тәртібі нақтыланды;
  • клиенттің клиенттік тапсырыстарды беру және брокердің орындау тәртібі нақтыланды;
  • Шартқа сәйкес қызмет көрсету кезінде брокердің жауапкершілік шектері нақтыланды.

Шарттың жаңа редакциясымен сайттың "Брокерлік қызмет көрсету" бөлімінде танысуға болады.

Құрметпен,
Halyk Finance
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау