Қаржы нарықтарының жұмысындағы өзгерістер туралы
Құрметті клиенттер!
АҚШ-та 2026 жылғы 7 қыркүйекте Еңбек күні мерекесінің атап өтілуіне байланысты америкалық қор нарықтары жабық болады. Осыған байланысты аталған нарықтарға өтінімдер қабылданбайды. Бұдан басқа, Қазақстандық қор биржасында KASE Global секторының бағалы қағаздарын қоса алғанда, АҚШ долларымен есеп айырысуы бар шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізілмейді.
Өз операцияларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты назарға алуды сұраймыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 701 006 41 80
- немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz.
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ