Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу қағидаларындағы маңызды өзгерістер туралы

29 мамыр 2025

Құрметті клиенттер!

Сіздерді Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу қағидаларындағы маңызды өзгерістер туралы хабардар етеміз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2025 жылғы 20 ақпандағы №4 қаулысына сәйкес 2025 жылғы 14 наурыздан бастап Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер күшіне енді. 

Атап айтқанда, Қағидалардың 16-2-тармағының 2) тармақшасымен бақылауға жататын валюталық операциялардың тізбесі кеңейтілді, атап айтқанда:
Егер бейрезидент бір операциялық күн ішінде бір уәкілетті банктен 50 000 АҚШ долларынан (баламада) асатын сомаға теңгеге қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған жағдайда және бұл ретте теңгедегі қаражат көзі мыналарға байланысты емес:

  • ҚР резидентіне тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету;
  • қаржы активтерін теңгеге сату;
  • ҚР аумағындағы қызметтен дивидендтер алу;
  • бұрын төленген салықтарды және өзге де міндетті төлемдерді қайтару арқылы;
  • басқа экономикалық негізделген көздер, 

онда мұндай операция уәкілетті банк тарапынан валюталық бақылауға жатады.

Бұл клиенттер үшін нені білдіреді:

Егер сіз ҚР резиденті емес болсаңыз және бір уәкілетті банкте бір операциялық күн ішінде көрсетілген лимиттен асатын сомаға теңгеге валюта сатып алуды жоспарласаңыз, қаражаттың теңгемен шығу көзін растайтын құжаттарды алдын ала дайындауды сұраймыз.

Түсіністік пен ынтымақтастық үшін рахмет!
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау