«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы

25 қараша 2026

Құрметті клиенттер!

Осымен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз, ол 2026 жылғы 24 желтоқсан сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша) бетпе-бет дауыс беру нысанында өтеді. Жиналыстың өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8-үй, 1-үй-жай, 2-қабат, «Мәжіліс» конференция залы.

Қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты: 10:00 (Астана уақыты бойынша). 

Күн тәртібі:

  1. Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамы туралы.
  2. Қоғамның Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы. 

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 24 қарашадағы жағдай бойынша жасалды.

Бірінші жиналыс өтпей қалған жағдайда, қайталанған Жиналыс 2026 жылғы 25 желтоқсанда сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша) өткізіледі.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.kmg.kz/investors/shareholders_meeting/extraordinary-general-meeting-of-shareholders-of-nc-kazmunaygas-jsc-on-december-24-2026/ 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81  
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80   
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау