«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы
Құрметті клиенттер!
Осымен акционерлердің отырысын өткізбей, сырттай дауыс беру нысанында 2026 жылғы 25 қыркүйекте өтетін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз.
Күн тәртібі:
- Банк акционерлерінің Жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
- Исламдық банктік операцияларды жүзеге асыруға лицензия алу туралы.
- Банктің Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесін құру туралы.
- Банктің Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесінің сандық құрамын айқындау туралы.
- Банктің Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесінің өкілеттік мерзімін айқындау туралы.
- Банктің Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.
- Банк Жарғысына толықтырулар бекіту туралы.
- 2026 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айдағы қызмет қорытындысы бойынша Банктің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне шолуды, 2027–2028 жылдарға арналған Банктің тоқсандық шоғырландырылған қаржылық есептілігіне шолуды және 2026–2028 жылдардағы қызмет қорытындысы бойынша Банктің қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыруға арналған аудиторлық ұйымды анықтау туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 25 тамыздағы жағдай бойынша қалыптастырылды.
Дауыс беруге қатысу үшін акционерлер сырттай дауыс беруге арналған толтырылған бюллетеньді 2026 жылғы 26 тамыздан сағат 09:00-ден (Астана уақытымен) бастап 2026 жылғы 24 қыркүйекке дейін сағат 18:00-ге (Астана уақытымен) дейін жіберуі қажет.
Ақпарат жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) ұстаушылар үшін дауыс беру рәсімі туралы Банктің корпоративтік сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://halykbank.com/storage/187/IPO-2006.pdf
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz