"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК " АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (АКТЖ) өткізу туралы

17 қыркүйек 2026

Құрметті клиенттер!

Осы хабарлама арқылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай нысанда өткізілетінін хабарлаймыз. Нәтижелерді есептеу 2026 жылғы 7 қазанда өтеді.

Күн тәртібі:

  1. Қоғамның жасалуына мүдделілігі бар, өзара байланысты мәмілелер жиынтығында ірі мәміле болып табылатын мәмілені — «State Nuclear Uranium Resource Development Company LTD» компаниясымен табиғи уран концентраттарын сатып алу-сату Спот шартын жасасу туралы. 
  2. Қоғамның жасалуына мүдделілігі бар ірі мәмілені – «Ураниум Уан Груп» АҚ компаниясымен U3O8 нысанындағы табиғи уранды жеткізуге арналған келісімшартты жасасу туралы.
  3. Қоғамның директорлар кеңесінің құрамы туралы.
     
  1. Жай акцияларды ұстаушылар үшін:
  • Бюллетеньдерді қабылдау кезеңі: 2026 жылғы 22 қыркүйектен 6 қазан сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша)

  2. Депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар үшін:

  • Нұсқаулықтарды ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 24 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін (UTC).

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 11 қыркүйектегі сағат 00:00-дегі (Астана уақыты бойынша) жағдай бойынша жасалды.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://ir-esg.kazatomprom.kz/ru/investment/meeting

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 701 006 41 81
  • Астана қ.:  +7 701 006 41 80
  • WhatsApp: +7 707 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау