«Кселл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы
Құрметті клиенттер!
Осымен «Кселл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) 2026 жылғы 17 қарашада сағат 11:00-де (Алматы уақыты бойынша) бетпе-бет (күндізгі) нысанда келесі мекенжай бойынша өтетінін хабарлаймыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, 51.
Акционерлерді тіркеу сағат 10:00-ден 10:45-ке дейін (Алматы уақыты бойынша) жүргізіледі.
Күн тәртібі:
- «KazNet Media (КазНет Медиа)» АҚ-ын «Кселл» АҚ-на қосу нысанында «Кселл» АҚ-ты ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 19 қазандағы (Алматы уақыты бойынша сағат 00:00-дегі) жағдай бойынша жасалды.
Акционерлер Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен мына сілтеме арқылы таныса алады:
https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_special_shareholders_meeting_info_171126_1.pdf
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ