«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы
Құрметті клиенттер!
Осымен «KEGOC» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) 2026 жылғы 08 қазанда сағат 11:30-да (Астана уақыты бойынша) бетпе-бет нысанда келесі мекенжай бойынша өтетіндігін хабарлаймыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат. Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты – сағат 09:30 (Астана уақыты бойынша).
Күн тәртібі:
- Қоғамның 2026 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы қаржылық есептілігін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін дивидендтер мөлшерін бекіту туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 08 қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптастырылды.
Бірінші Жиналыс өтпей қалған жағдайда, қайталанатын Жиналыс 2026 жылғы 09 қазанда сағат 11:30-да (Астана уақыты бойынша) жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізіледі.
Акционерлер Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін мына мекенжай бойынша таныса алады: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 0916-кабинет, сондай-ақ веб-сайтта: www.kegoc.kz
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ