«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы
Құрметті клиенттер!
Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) 2026 жылғы 17 қыркүйекте сағат 11:00-де мына мекенжай бойынша өтетіндігін хабарлаймыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес жай, 702-кабинет.
Акционерлерді тіркеудің басталуы: 2026 жылғы 17 қыркүйек сағат 09:00-ден бастап.
Күн тәртібі:
- Қоғамның Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесін және төрағасын сайлау туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесінің сайланатын мүшесіне өз міндеттерін атқарғаны үшін шығындарды өтеу мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 24 тамыздағы жағдай бойынша жасалады.
Кворум болмаған жағдайда, қайталанатын Жиналыс 2026 жылғы 18 қыркүйекте сағат 11:00-де жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өтеді.
Акционерлер Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен мына интернет-ресурста таныса алады: https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_special_shareholders_meeting_info_170926_7413.pdf
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ