«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлаймыз

3 қыркүйек 2026

Құрметті клиенттер!

Осымен «Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Жиналыс 2026 жылғы 7 қазанда сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша) Астана қ., Сауран көш., 12, «Қазақтелеком» АҚ мәжіліс залы мекенжайы бойынша бетпе-бет нысанында өткізіледі (бұдан әрі – Жиналыс).
Акционерлерді тіркеу 12:30-дан 13:30-ға дейін жүргізілетін болады. 

Күн тәртібі:

  1. Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша жасалды. 

Жиналыс көрсетілген күні өтпей қалған жағдайда, қайталанған Жиналыс 2026 жылғы 14 қазанда сағат 14:00-ге (Астана уақыты бойынша) тағайындалады және жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өтетін болады.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлерге келесі сілтеме бойынша қолжетімді:
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_info_071026_kz.pdf 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау