«Сбербанк России» акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы

21 мамыр 2025

Құрметті клиенттер! 

Осымен 2025 жылғы 30 маусымда сағат 10:00 – де (Мәскеу уақыты бойынша) өтетін «Сбербанк России» ЖАҚ, ISIN RU0009029540 акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлаймыз. 

Жиналыста акционерлер бірнеше қарар бойынша дауыс береді, мысалы: 

  • 2024 жылғы жылдық есепті бекіту туралы;
  • 2024 жылғы пайданы бөлу және дивидендтерді төлеу туралы;
  • аудиторлық ұйымды тағайындау туралы;
  • Байқау кеңесінің мүшелерін сайлау туралы;
  • Жарғыны жаңа редакцияда бекіту туралы;
  • акционерлердің жалпы жиналысы туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы;
  • Байқау кеңесі туралы Қағиданы жаңа редакцияда бекіту туралы;
  • Басқарма туралы Қағиданы жаңа редакцияда бекіту туралы;
  • Байқау кеңесінің мүшелеріне базалық сыйақы мөлшері туралы.

Дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 05 маусымдағы жағдай бойынша жасалады.

Корпоративтік оқиға бойынша толық ақпаратпен, сондай-ақ жиналыс материалдарымен банктің ресми интернет-ресурсында сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.sberbank.com/ru/investor-relations/corporate-governance/annual-meeting-2025

Қосымша сұрақтарыңыз болса, төмендегі байланыс деректері арқылы бізге хабарласыңыз:

  • +7 701 006 41 81
  • +7 707 357 3170 
  • +7 701 006 41 80

немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау