«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы

25 қыркүйек 2024

Құрметті клиенттер!

Осымен Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлаймыз, жиналыс  2024 жылғы 11 қазанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11:30-да жеке дауыс беру арқылы өткізіледі (бұдан әрі – Жиналыс), мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат.  

Жиналыстың күн тәртібі:
«KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы қаржылық есептілігін, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы бірінші жартыжылдықтағы бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту».

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар «KEGOC» АҚ Атқарушы органының орналасқан жері бойынша акционерлерге, сондай-ақ Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында танысу үшін қолжетімді: https://www.kegoc.kz/ru/for-investors-and-shareholders/raskrytie-informatsii/obshchie-sobraniya/

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2024 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша жасалды. 
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі байланыс бойынша хабарласыңыз:

  • +7 701 006 41 81
  • +7 707 357 3170 
  • +7 701 006 41 80

немесе электрондық пошта арқылы  sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ

 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау