Altyn Bank успешно разместил дебютный выпуск облигаций на KASE

28 қыркүйек 2026

2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында (KASE) «Altyn Bank» АҚ-ның көлемі 100 млрд теңге, айналыс мерзімі 3 жыл болатын облигацияларының дебюттік шығарылымы сәтті орналастырылды. Орналастыру барысында корпоративтік және жеке сектор инвесторларының қатысуы есебінен толығымен нарықтық сұраныс қалыптасты. Шығарылым жалпы көлемі 200 млрд теңгені құрайтын Банктің алғашқы облигациялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Altyn Bank облигацияларын орналастыру барысында нарықтағы сұраныс ұсыныс көлемінен айтарлықтай асып түсті. Нәтижесінде тартылған қаражат көлемі жергілікті нарықтағы дебюттік шығарылымдар арасында рекордтық көрсеткішке жетті. Банктің борыштық құралдарына деген жоғары сұраныс оның мықты қаржылық көрсеткіштері мен мінсіз іскерлік беделіне байланысты. Орналастырудың бірлескен андеррайтерлері ретінде Halyk Finance және «Сентрас Секьюритиз» қатысты.

«Біз Altyn Bank командасын облигацияларды сәтті дебюттік орналастыруымен құттықтаймыз. Altyn Bank-тің облигациялар нарығына шығуы – Қазақстанның капитал нарығы үшін маңызды оқиға. Инвесторларға 100 млрд теңге көлемінде облигациялар ұсынылғанына қарамастан, оларға деген сұраныс ұсыныс көлемінен айтарлықтай асып түсті. Бұл ретте сұраныс ауқымды болып, инвесторлардың әртүрлі санаттары арасында кеңінен бөлінді. Букбилдинг барысында облигацияларды сатып алуға әртүрлі инвесторлардан – банктерден, сақтандыру компанияларынан, брокерлік ұйымдардан, активтерді басқарушы компаниялардан және басқа да қатысушылардан – 30-дан астам өтінім келіп түсті.
Аталған орналастыру Altyn Bank-тің эмитент ретіндегі жоғары кредиттік сапасын айқын көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның облигациялар нарығының жетіліп, өтімділігі мен тереңдігінің артып келе жатқанын да растайды. Біз осы шығарылымның ұйымдастырушысы әрі бірлескен андеррайтері ретінде Altyn Bank-тің облигациялар нарығына табысты шығуына өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз», – деп атап өтті Halyk Finance Басқарма Төрағасы Фархад Охонов.

«Жалпы көлемі 200 млрд теңгені құрайтын алғашқы облигациялық бағдарламамыз аясында біз жылдық 16,5% мөлшерлемемен үш жылдық облигацияларды орналастырдық – бұл базалық мөлшерлемеге іс жүзінде жақын деңгей. Сауда-саттықтың алғашқы күнінде-ақ 100 млрд теңге тарта алдық, бұл ретте сұраныс 106,2 млрд теңгеге жетті. Дебюттік шығарылым үшін бұл жергілікті нарықта тартылған қаражат көлемі бойынша абсолютті рекорд болып отыр. Мұндай нәтиже және инвесторлар тарапынан қалыптасқан жоғары сұраныс біз үшін Altyn Bank-ке, оның қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігіне деген сенімнің маңызды көрсеткіші болып табылады. Тартылған қаражат қорландыру көздерін әртараптандыруға және бизнесті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Altyn Bank Басқарма Төрағасы Мұрат Байсынов.
________________________________________
«Halyk Finance» АҚ – Қазақстандағы жетекші инвестициялық банк. Компания қаржылық консалтинг және андеррайтинг, корпоративтік қаржыландыру, брокерлік қызметтер және бағалы қағаздармен сауда жасау, KASE және AIX сауда алаңдарындағы маркет-мейкер қызметтері, инвестициялық портфельді басқару, сондай-ақ тұрақты аналитикалық қызметтерді қоса алғанда, инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін ұсынады. Компания – Қазақстанда халықаралық инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингті (Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің «BBB-» рейтингі) алған алғашқы әрі жалғыз брокер-дилер.

«Altyn Bank» АҚ – Қазақстандағы корпоративтік және бөлшек клиенттерге қызмет көрсететін әмбебап коммерциялық банк. Банк нарықта 1998 жылдан бері жұмыс істейді және China CITIC Bank Corporation Limited еншілес банкі болып табылады; Altyn Bank акцияларының 40%-ы Қазақстанның Халық банкіне тиесілі. 2026 жылғы сәуірде Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Altyn Bank-тің ұзақ мерзімді рейтингін BBB деңгейінен BBB+ деңгейіне дейін көтеріп, рейтинг бойынша болжамды «Тұрақты» деп белгіледі.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ – Centras тобына кіретін қазақстандық инвестициялық компания. Компания бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейді және инвестициялық-банктік және брокерлік қызметтер көрсетеді.

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау