BI-разработчик

Ақпараттық технологиялар департаменті

Halyk Finance BI-дамытушы лауазымына вакансия туралы хабарлайды.

Сіздің негізгі тапсырмаларыңыз

  • BI-есептерді, дашбордтарды және деректердің талдау витриналарын әзірлеу, қолдау және оптимизациялау.
  • Бизнес бөлімшелерінен талаптарды жинау, талдау және формализациялау.
  • Деректерді талдау және өңдеу үшін SQL-сұраныстарын дайындау және оптимизациялау.
  • Деректер базаларымен, деректер витриналарымен және ETL-процестерімен жұмыс істеу.
  • Визуализацияларды орнату және талдау есептемелерін әзірлеу.
  • Есептерде және дашбордтарда деректердің сапасы мен дұрыстығын бақылау.
  • Корпоративтік BI-платформасының және басқару есептемелері жүйесін дамытуға қатысу.

Бізді қызықтыратын

  • IT, ақпараттық жүйелер, математика, статистика, экономика немесе деректерді талдау саласындағы арнайы орта немесе жоғары білім.
  • BI-дамытушы, деректерді талдаушы немесе есептемелер дамытушысы ретінде 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.
  • SQL-ды сенімді меңгеру және PostgreSQL немесе басқа деректер базаларымен жұмыс тәжірибесі.
  • Power BI, Tableau немесе Qlik-пен жұмыс тәжірибесі.
  • Excel-ді жақсы білу.
  • Деректер қоймаларын, деректер витриналарын және ETL-процестерін құру принциптерін түсіну.
  • Бизнес-тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл және талаптарды жинау тәжірибесі.

Артықшылық болып табылады

  • BI, SQL, Power BI, Tableau, Qlik немесе Data Analytics бойынша сертификаттар және арнайы курстар.
  • DAX-пен жұмыс тәжірибесі.
  • Корпоративтік талдау және есептемелерді дамыту жобаларына қатысу тәжірибесі.
  • Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын және деректермен жұмыс стандарттарын түсіну.

Біз ұсынамыз

  • Елдің ең ірі қаржылық тобында кәсіби және мансаптық дамудың тұрақты мүмкіндіктерімен жұмыс;
  • Жылдық бонус және Тәуелсіздік күніне сыйақаша;
  • Сынақ мерзімінен өткен соң ДСС;
  • 26 күндік демалыс + маңызды өмірлік оқиғалар кезінде қосымша демалыс күндері;
  • 1 жыл жұмыс істеген соң медициналық тексеру;
  • Корпоративтік паркингке арнайы жағдайлар;
  • Ашық корпоративтік мәдениет: спорттық турнирлер, йога сабақтары, корпоративтік іс-шаралар;
  • Кәсіби даму: тренингтер, оқу және жеке даму жоспары;
  • Halyk тобының жаңа жобаларына қатысу және өз инициативаларын іске асыру мүмкіндігі.
Жауап беру
Форманы толтырыңыз — біздің маман сізбен байланысады
Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау