Halyk Finance AI инженер лауазымы бойынша бос орын туралы хабарлайды.
Сіздің негізгі тапсырмаларыңыз
- Ішкі бизнес үдерістерін автоматтандыру үшін AI шешімдерін әзірлеу және енгізу.
- Бизнес тапсырмаларын талдау және оларды шешу үшін оптималды AI/ML құралдарын таңдау.
- LLM модельдерімен және AI қызметтерімен жұмыс істеу, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді баптау және интеграциялау.
- AI өнімдерінің прототиптерін және MVP-ін әзірлеу.
- API арқылы AI қызметтерін ішкі ақпараттық жүйелермен интеграциялау.
- Промпттарды, қолдану сценарийлерін және пайдаланушылар кейстерін әзірлеу және оптимизациялау.
- AI модельдері үшін деректерді өңдеу, талдау және дайындау.
- Енгізілген AI шешімдерін тесту, сапасын бағалау және қызмет көрсету.
- Компанияда AI бағытының дамуына және жаңа технологияларды енгізуге қатысу.
Бізді қызықтыратын
- IT, компьютерлік ғылымдар, математика, деректерді талдау немесе жасанды интеллект саласындағы орта арнайы немесе жоғары білім.
- AI инженері, ML инженері, Data Scientist немесе Python дамытушысы ретінде екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.
- Python және SQL-ді сенімді меңгеру.
- REST API және Git-пен жұмыс тәжірибесі.
- Машиналық оқу және деректерді өңдеу принциптерін түсіну.
- Корпоративтік жүйелерге AI шешімдерін әзірлеу және интеграциялау тәжірибесі.
Артықшылық болып табылады
- OpenAI API, Azure OpenAI, LangChain және ұқсас AI фреймворктермен жұмыс тәжірибесі.
- Prompt Engineering және LLM-мен жұмыс істеудің заманға сай әдістерін білу.
- PostgreSQL-мен жұмыс тәжірибесі.
- Docker және MLOps негіздерін білу.
- AI, Machine Learning, Data Science немесе Generative AI бойынша сертификаттар және профильдік курстар.
Біз ұсынамыз
- Елдің ең ірі қаржылық тобында кәсіби және карьералық дамудың тұрақты мүмкіндіктерімен жұмыс;
- Жылдық бонус және Тәуелсіздік күніне премия;
- Сынақ мерзімінен өткен соң ДМС;
- 26 күндік демалыс + маңызды өмірлік оқиғалар кезінде қосымша демалыс күндері;
- 1 жыл жұмыс істеген соң медициналық тексеру;
- Корпоративтік паркингке арнайы жағдайлар;
- Ашық корпоративтік мәдениет: спорттық турнирлер, йога сабақтары, корпоративтік іс-шаралар;
- Кәсіби даму: тренингтер, оқу және жеке даму жоспары;
- Halyk тобының жаңа жобаларына қатысу және өз инициативаларын жүзеге асыру мүмкіндігі.