ARRIVAL SA компаниясының акциялары бойынша корпоративтік оқиға

14 қыркүйек 2026

Құрметті клиенттер!

ARRIVAL SA компаниясының акциялары бойынша корпоративтік оқиға жарияланғанын хабарлаймыз, ISIN: LU2607735342.

Корпоративтік оқиғаның деректері:

Параметр Мәні
Оқиғаның түрі Бағалы қағаздарды құнсыз деп тану (Worthless Securities)
Міндеттеме белгісі Міндетті
Шот бойынша операция Есептен шығару (Debit)

 

Оқиға ARRIVAL SA компаниясының банкроттыққа ұшырауы мен таратылуына (ликвидация), сондай-ақ акциялардың күші жойылған және толық құнсызданған деп танылуына байланысты жүргізіледі. Акциялар ұстаушылардың шоттарынан біржола есептен шығарылуға жатады.

Ұстаушылар (акционерлер) тарапынан ешқандай іс-қимыл талап етілмейді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 701 006 41 81
  • Астана қ.:   +7 701 006 41 80
  • WhatsApp: +7 707 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау