«Kaspi.kz» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы

19 тамыз 2026

Құрметті клиенттер!

Осымен «Kaspi.kz» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2026 жылғы 9 қыркүйекте сағат 10:00-де (Астана уақыты бойынша) Алматы қ., Наурызбай Батыр көшесі, 154 А  мекенжайында өткізілетіні туралы хабараймыз (бұдан әрі – Жиналыс). 

Күн тәртібі:

  1. Жиналыстың күн тәртібін бекіту.
  2. Бир акцияға 1 000 теңге мөлшерінде дивиденд бекіту.

Кворум болмаған жағдайда, қайталама Жиналыс 2026 жылғы 10 қыркүйекте сағат 10:00-де (Астана уақыты бойынша) жоғарыдағы мекенжайда өтеді. 

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша жасалды. 

ЖДҚ ұстаушылары үшін нұсқаулықты тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 20 тамыз, сағат 18:00 (UTC уақыты бойынша).

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://ir.kaspi.kz/news/

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz 

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау