Warner Bros Discovery Inc акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлаймыз

31 наурыз 2026

Құрметті клиенттер!

Осымен Warner Bros Discovery Inc компаниясының акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Жиналыс 2026 жылғы 23 сәуірде сағат 10:00-да (АҚШ уақыты бойынша) келесі сілтеме бойынша виртуалды форматта өтеді: www.virtualshareholdermeeting.com/WBD2026SM  

Күн тәртібі:

  1. Бірігу туралы келісімді бекіту.
  2. Меншік иесі ауысқан жағдайда басшылыққа берілетін төлемдер бойынша консультациялық дауыс беру.

Дауыс беру мерзімі: 2026 жылғы 14 сәуір, сағат 18:00-ге дейін (АҚШ уақыты бойынша).

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша жасалды. 

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлерге компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: https://www.wbd.com/news/warner-bros-discovery-sets-shareholder-meeting-date-april-23-2026-approve-transaction 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Кеңес алу
Біздің мамандарымыздан тегін кеңес алыңыз.

Мобильді қолданба 
Halyk Finance

Онлайн шот ашу және сауда жасау